RUS  KAZ  ENG 
Біздің мекен-жайымыз: Астана қ., Абай даңғылы, 92/3 үй. Ыстық желі телефондары: 8 (7172) 30 60 73, 25 59 25.

Еңбек келісім шарты

708359.jpgЗаңның талаптарына сәйкес Жұмыс берушінің жеке тұлғаны (Жұмыскерді) жұмысқа, яғни қандай да бір мамандық, біліктілік немесе лауазым бойынша жұмыстарды (еңбек функциясын) атқаруға нақты жіберуі тараптар Еңбек шартын жасағаннан кейін ғана жүзеге асырылады. Бұл ретте Жұмыс берушінің Еңбек шартын жасамастан адамды жұмысқа жіберуі лауазымды адамдарға жиырма, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне алпыс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жүз айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Сіздердің назарларыңызға Еңбек шартының үлгісін ұсынамыз.