RUS  KAZ  ENG 
Біздің мекен-жайымыз: Астана қ., Абай даңғылы, 92/3 үй. Ыстық желі телефондары: 8 (7172) 30 60 73, 25 59 25.

Астаналықтар «Ашық мемлекет» жәрмеңкесіне қатысты

14.12.2017

«Шапағат» коммуналдық базарында «Ашық мемлекет» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жәрмеңкесі өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті мен «Азаматтарға арналған үкімет» АҚ жергілікті атқарушы органдармен білесіп, үшінші рет «Ашық мемлекет» жәрмеңкесін өткізді.

«Бұған дейін «MEGA Silk Way», «Аружан» ОСО-да ұйымдастырылған болатын. Осы жәрмеңкелерде 150-ден астам азаматқа мемлекет тарапынан көрсетілетін қызметтер туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді», - деді Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті директорының орынбасары Жазира Жылқышиева. 

Оның айтуынша, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жәрмеңкесі алдағы уақытта қаланың сауда орталықтарынан бөлек халық көп жиналатын жерлерде ұйымдастыралады.

«Алдағы уақытта аурухана мен емхана сынды халық көп шоғырланатын жерлерінде өткізіп тұрамыз. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, жәрмеңкеге жүгінген азаматтарды тұрғын үй мен балабақша кезегіне қалай тұру керек, мемлекеттен жер телімін қалай алуға болады немесе оған қандай құжат қажет деген сауалдарды жиі қояды», - деді Ж.Жылқышиева.

Айта кетейік, елімізде азаматтарға көрсетілетін мемлекеттік қызмет реестріне енген 700-ден астам қызмет түрі бар. Астана қаласында оның 368 түрі көрсетіледі. Ағымдағы жылдың 9 айында Халыққа қызмет көрсету және басқа да мекемелер арқылы елордада 5 млн астам қызмет көрсетілді.


Возврат к списку