RUS  KAZ  ENG 
Біздің мекен-жайымыз: Астана қ., Абай даңғылы, 92/3 үй. Ыстық желі телефондары: 8 (7172) 30 60 73, 25 59 25.

Астана әкімдігі қалалықтарды кешенді түрде жұмыспен қамту мәселесін шешіп, жұмыссыздықтың алдын алуда

Астана әкімдігі қалалықтарды кешенді түрде жұмыспен қамту мәселесін шешіп, жұмыссыздықтың алдын алуда 21.12.2017

Осымен Астана үшінші жыл қатарынан жұмыссыздықтың ең төменгі деңгейінде көш бастап келеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы. 

Жұмыссыздық деңгейі осы жылы 3 тоқсанда астанада 4,5% (жоспар бойынша 4,7%), жастар жұмыссыздығы - 4,5% (жоспар бойынша 4,7%) құрады. Әйелдер жұмыссыздығының көрсеткіші - 4,5% (жоспарда 4,9%). Астана осымен үшінші жыл жұмыссыздықтың ең төменгі деңгейінде көш бастап келеді, аталмыш көрсеткіш республикалық көрсеткіштен 0,3% төмен. 

«Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу арқылы еңбек нарығын дамыту және еңбек ресурсын жұмылдыру» бағыты бойынша төмендегі көрсеткіштер: әлеуметтік кәсіби бағыт – 11 600 адам, жұмысқа орналастыру және лайықты бос орынды іздеу – 5237 адам, әлеуметтік жұмыс орнына жұмысқа тұру – 220 адам, жастар тәжірибесін ұйымдастыру – 915 адам, қоғамдық жұмысқа бағыттау – 2123 адам. 

Астанада еңбек нарығы ахуалын тұрақтандыру шеңберінде 2017 жылы халықты жұмыспен қамтудың кешенді жоспары іске қосылуда. Онда арнайы топтағы елді мекенді, жұмыссыз азаматтарды еңбекпен қамту шаралары да кірді. Мемлекеттік, үкіметтік жобалар мен басқа да бағдарламаларды жүзеге асыру жоспарлануда. Бүгінге дейін 23 222 адам мемлекеттің қолдауын көрді, орындалу көрсеткіші 107 % ( 2016 жылы -18337 адам болған). 

Жыл басынан жұмыс іздеп 15 000 азамат жүгінген, жұмыссыздықтан қорғау мақсатында әлеуметтік шаралармен 9 040 адам (60%) қамтылды, оның ішінде 8 495 адам жұмыспен қамтылды. 19 199 жаңа тұрақты жұмыс орнын құру туралы мәлімет жинақталды, оның ішінде мемлекеттік, үкіметтік, салалық бағдарлама – 8841 орын, кәсіпкерлік пен өнеркәсіп – 10 358 орын. 

3711 ішінен жеке-жеке анықтау барысында (2365 жұмыссыз және 1346 өзін өзі жұмыспен қамтыған) 682 адам немесе 18% жұмыспен қамтылды. Жұмыс әлі де жалғасын табуда. 

Астана қаласы әкімдігі қазіргі таңда атаулы әлеуметтік көмектің (АӘК) жаңа форматын енгізу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Қазір АӘК 2018-2020 жылдарға арналған жаңа форматына төлем жасалып, 2018 жылы 1181 отбасыны төлеммен қамту қарастырылған, онда 5361 адамға 115,6 млн теңге бөлінген.


Возврат к списку