RUS  KAZ  ENG 
Біздің мекен-жайымыз: Астана қ., Абай даңғылы, 92/3 үй. Ыстық желі телефондары: 8 (7172) 30 60 73, 25 59 25.

Астанада шағын және орта бизнесті кешенді дамыту үшін қандай шаралар қолданылуда

Астанада шағын және орта бизнесті кешенді дамыту үшін қандай шаралар қолданылуда 21.12.2017

Астана бизнес жүргізуге оңай қала ретінде рейтингтің алдында келеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы. «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасын жүзеге асыру үшін Астанада 2 560,6 млн теңге бөлінді. 1 желтоқсанға дейін 2367,9 млн теңге немесе 92,5% игерілді, яғни толықтай алғанда барлық индикатор 100% орындалды. 

«Қатысушыларды техникалық және кәсіби біліммен қамтамасыз ету және қысқа мерзімді оқыту» бағытын жүзеге асыруды қаржыландыру 278 470 мың теңгені құрады. Оқытуға 1595 адам қамтылды. 

Бүгінге дейін 191 000,0 мың теңге көлемінде 16 жоба қолдау көріп келді. Оның ішінде 7 жоба бастауыш кәсіпкер ретінде қолдау көрген. Жалпы сомасы 262 165,0 мың теңгені құрайтын 24 жоба екінші деңгейлі банктің қаралуында жатыр. 2017 жылдың соңына дейін 40 жоба қолдау көрмек. 

23 инфрақұрылымдық жобаға 1,5 млрд теңге бөлінді. Оның ішінде 4 білім нысаны, 15 көшені жөндеу, 3 әлеуметтік қамтамасыз ету және мәдениет нысаны кіріп отыр.


Возврат к списку